2.03.2023, 7:36
Оқылды: 8

Ел қаһармардарын танытқан айдар

Кеше аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының Facebook әлеуметтік желісіндегі «Kaztalov jastary» парақшасында «Айналамыздағы қаһармандар» жаңа айдары әлеужелі оқырмандарына жол тартты. Ауданымыздағы әр түрлі саланың қаһармандарын көпшілікке паш етуге арналған жоба Алғыс айту күнінде бастау алып отыр.

WhatsApp Image 2023-03-02 at 05.34.36

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде «батырлар» ұғымына тереңірек тоқталып, «Олардың барлығы – халықтың мақтанышы әрі үміті. Міне, осындай еңбек адамдары – еліміз бен мемлекетіміздің тірегі», - деген болатын. Аудан жастары сол батырлардың бейнесін жарыққа шығару арқылы оларды кейінгі ұрпаққа үлгі тұтпақ. Жаңа айдардың алғашқы кейіпкерлері Жалпақтал ауылының тұрғыны Артур Әмірғалиев, Казталов аудандық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, дәрігер анестезиолог-реаниматолог Ануар Сапаров, ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаменті «Қосөзен» шекара бөлімшесінің старшинасы Серік Ерахов, Казталов ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Сатыбалды Қалдыбаев, Орал қаласы №11 өрт сөндіру бөлімшесінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапоршигі Альберт Хайрбаев, аудандық газ шаруашылығының ГЖПЖЖ қызметінің газ шаруашылығындағы апаттық қалпына келтіру жұмыстарының слесарі Ришат Яруллин болды.

WhatsApp Image 2023-03-02 at 05.34.37

-Президентіміздің «Байлық пен мансап – қолға ұстаған мұз, ериді де кетеді. Ал елге жасаған қызмет – артта қалған із, ол ұрпақтан ұрпаққа жетеді» деген сөзі бар. Біздің жаңа айдарымыздың мақсаты да елге қалтқысыз қызмет еткен әр сала мамандарының  ерлігін халыққа таныту. Біз мұнымен шектелмейміз. Алдағы уақытта да айдарымыздың кейіпкерлері жаңарып, бүгінгі күннің батырларының бейнесін халыққа танытып отырамыз. Бұл бір жағынан кейіпкерлерімізді жігерлендірсе, екінші көзқарас бойынша оларды таныған кейінгі ұрпақ үлгі тұтып, мамандықтарына да қызығушылығы оянуы бек мүмкін, - деді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов.

WhatsApp Image 2023-03-02 at 05.34.37 (1)

Аудан жастарының игі бастамасы қолдауға тұрарлық тың жобалардың бірі десек артық болмас. Тек шын мәнінде еңбек адамының ерлігі насихатталса ұтары мол болмақ.

Асылбек Нәсіпқали,

 Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале