27.06.2017, 15:50
Оқылды: 42

Ел кубогінің жүлдесін иеленді

 

zelenovЖуырда Алматы қаласында спорттық бағдарлаудан ел кубогі сарапқа салынды. Аталмыш байрақты бәсекеде облыс намысын қорғаған Зеленов ауданындағы Қасым Аманжолов атындағы мектеп оқушысы Естай Кеңгесбаев тамаша нәтижеге қол жеткізді.


15-16 жас аралығындағы спортшылар арасында жарыс жолына шыққан ол ұзақ қашықтықта бесінші, орта қашықтықта төртін, ал өзінің сүйікті қысқа қашықтығында үшінші орынға қол жеткізіп, қорытындысында ел кубогінің күміс жүлдесіне қол жеткізді.

Бұған дейін де талай жарыста оза шапқан ол - облыс құрамасының нөмірі бірінші спортшысы. Естайды жасынан танып, сынға салған бапкері аудан орталығындағы туризм және экология орталығының ұстазы Серік Хайруллин баланың болашағы зор екенін айтады.

Тамыз айында Бурабайда өтетін ел чемпионатына дайындықты бастап кеткен Естайға жолың болсын дейміз.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале