9.05.2024, 14:45
Оқылды: 49

«Ел мақтанышы – даңқты ұлдар»

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай музейде дәл осындай атаумен іс-шара ұйымдастырылды.

IMG-20240509-WA0024

Ол музейдің «Отан үшін от кешкендер» залынан басталды. Бұл зал М.Шолоховтың шығармасы бойынша «Отан үшін от кешкендер» деп аталады. Осы залда "Соғыс жылдарындағы М.Шолохов" фотоэкспозициясы орналасқан. Онда фотосуреттер, газет және басқа материалдар арқылы жазушының бүкіл әскери жолын білуге болады.

IMG-20240509-WA0026

Михаил Александрович соғыста полк комиссары болып бастады. 1943 жылы ақпанда ол подполковник, сол жылдың наурызында полковник шенін алды. 1945 жылы желтоқсанда әскери қызметтен босатылды. Ол І дәрежелі Отан соғысы ордені, "Сталинградты қорғағаны үшін", "Мәскеуді қорғағаны үшін", "Германияны жеңгені үшін", "ҰОС-дағы ерен еңбегі үшін" медальдарымен марапатталды.

Аталмыш залдағы экспозициялар негізінен Ұлы Отан соғысына қатысқан Бәйтерек ауданының ардагерлеріне арналған. Олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры атағын алған Павел Садомсков, Қасым Ахмиров, Иван Мордасов, Григорий Чумаевтың орындары ерекше. «Өз батырларыңды таны» патриоттық акция аясында Абай мектепгимназиясы- интернатының 9-сынып оқушылары осы батырлар мен соғыста көлік жүргізіп, аты аңызға айналған жерлесіміз Рахымжан Оқасов туралы кеңінен мәлемет берді. Дариян орта мектебінің 5-сынып оқушысы Арина Сумкина әйгілі "Смуглянка" әнін орындады. Содан соң Аринаның сыныптастары "Ленинградтықтар - менің балаларым!" атты керемет қойылым ұсынды. Содан кейін Ералы Көшекпаев ұлы Жамбыл бейнесінде «Ленинградтық өренім» атты өлеңін оқып берді. Оқушылар Невадағы қаланы қоршау туралы, Таня Савичеваның әлемге әйгілі күнделігі туралы да айтты. Олар өз өнерлерін "Тырналар" би қойылымымен аяқтады.

IMG-20240509-WA0025

Кеш қонақтары Кеңес Одағының Батырлары С.Жақсығұлов пен Ж.Сейтқазиевтің 100 жасқа толуына орай өмірбаянымен танысты. Іс-шара барысында мектеп оқушылары София мен Анастасия Пудовалар Ұлы Отан соғысы туралы өлеңдер оқыса, жергілікті кәсіпкер В.Талалаев балаларға "Әкелердың даңқы жолымен" автожарысы туралы айтып берді.

М.Мусаева,

М.Шолохов атындағы мемориалдық музейінің қызметкері,

Бәйтерек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале