Бүгін елімізде өтіп жатқан референдумға байланысты №128 учаскелік референдум комиссиясында дауыс беру рәсімі өз уақытында басталды. Таңғы сағат 07:00-де комиссия мүшелері мен бақылаушы және дауыс беруге жиналған ауыл тұрғындары мемлекеттік Гимн орындады.

Аталған учаскеде кешкі сағат 20:00-ге дейін 1321 аудан халқы дауыс беруге құқылы. Әр тұрғын өз азаматтық таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға қатыса алады. Ашылу барысынан кейін кезекте тұрған ауыл тұрғындары жеке куәліктерін көрсетіп, тіркеуден өтті. Содан соң, бюллетень алып, таңдау жасау мүмкіндігіне ие болды. Алғашқылардың бірі болып келген тұрғын - Гүлжан Бижанова еді. Референдумның алғашқы дауыс берушісіне комиссия төрағасы Қуат Жарасұлы сыйлық тарту етті. Қазіргі уақытта таңдау жасау қалыпты жағдайда жалғасуда. Комиссия мүшелері мен бақылаушылар өз міндеттерін атқаруда.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы