29.09.2022, 15:45
Оқылды: 25

Ел тұтастығын танытайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына жариялаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Президенттің кезекті сайлауы 2024 жылы, ал Парламент сайлауы 2025 жылы өтуге тиіс екенін баршаңыз білесіздер. Жаңа стратегияға сәйкес басты мемлекеттік институттарды кешенді түрде қайта жаңғыртуға кірісу қажет деп санаймын. Бұл қадам бізге әр азаматымыздың әл-ауқатын арттыру және бүкіл елімізді өркендету жолындағы ортақ жұмысты жандандыруға мүмкіндік береді» деген болатын.

IMG-20220929-WA0008 (1)

Соған орай Президент «Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет» деп сайлаудың ұзаққа созылмай өтетінін де жеткізген еді.

Міне, жақында ғана Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындау туралы қаулыға қол қойды. Соған байланысты халыққа жариялаған үндеуінде: «Бұл науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап береді. Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады» деді.

Ендеше, алдағы Президент сайлауына үлкен үміт артамыз.

Дәл қазір, жаһандық саяси жағдай аумалы-төкпелі болып отырған күндері Президенттің кезектен тыс сайлау жариялауы ел халқына сенімі деп түсініп, жерлестерімді жауапкершілікпен қарауға шақырамын.

Еліміздің біртұтастығын көрсете білейік.

Біз Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз!

Сержан Идиятов,

кәсіпкер, «Теректі» шаруа қожалығының басшысы

Теректі аудандық мәслихатының депутаты

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале