16.03.2018, 11:55
Оқылды: 37

«Елді мекендердің арасындағы жол қатынасы үзілмеуі керек»

Бұл туралы Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбеков Жалпақтал ауылында болып, көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысу барысында айтты.

Аудан әкімі Автобаза бөгетін, су басу қауіпі бар деген аймақтарды аралап, Бөлекқала бағытында болды. Ауыл әкімі Самиғолла Ақмурзин арықтарды тазалау жұмыстарының басталып кеткенін, су басу қауіпі бар деген жерлерді көрсетіп, ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарының жүргізілгенін, мұздың қалыңдығы 60-40 сантиметрдің шамасында екенін айтты.

Қазіргі күні қар шығару жұмыстарына аудандық бюджеттен 1млн200 мың теңге қаражат бөлініп, бұл жұмыстарды Жалпақтал коммуналдық мекемесі атқаруда. Мұнан кейін аудан әкімі Абат Абайұлы «Дорремсервис» ЖШСнің басшысы Мұрат Ахметжановпен кездесті.

казталов паводок (2)-Қазіргі күні Талдыапан, Талдықұдық, Болашақ, Қайыңды, Қараөзен ауылдық округтерінің елді мекендеріне жол ашу жұмыстары ойдағыдай жүріп жатыр. Техникамыздың ескілігінен жоқтан бар жасап, жігіттеріміз күндіз-түні жұмыстар атқаруда,-деп баяндап өтті серіктестік басшысы.

-Қолымыздағы бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қауіпті аймақтарды қатаң бақылауға алып, ауыл ішіндегі қарды тазалауымыз қажет. Сонымен қатар елді мекендер арасындағы жол қатынасы үзілмеу керек. Ауыл тұрғындары арасында әлі де түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ауыл ішіндегі қарларды барынша тезірек шығарумыз тиіс. Тасқыннын алдын алу жұмыстарын күшейтіп, жауапкершілікпен қарап, қоян-қолтық жұмыс жасауымыз қажет,-деді аудан басшысы.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале