8.12.2021, 17:30
Оқылды: 119

Елдікке үндеген жеті тұғыр

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – үшінші мыңжылдықта жаңа қарқынмен алға басқан мемлекетімізді, біздің қоғамды бір шаңырақ астына топтастырушы басты тұлға. Қазір әлемде экономикалық, әлеуметтік, саяси, технологиялық жаһандық үдеріс қарқын алды. Біздің басты міндетіміз-болашақта тарих толқынында лайықты орынды иелену. Елбасы нұсқаған отыз елдің қатарында болуымыз керек. «Nur Otan» партиясы көшбасшы партия ретінде мемлекетіміздің даму жолында Қазақстан Президентінің стратегиялық бастамаларының негізгі тірегіне айналды. Біздің партияластар ел алдындағы жауапты қызметтерін абыроймен атқарып, қоғамның бүкіл тыныс-тіршілігінде белсенділік танытуда.

44

Ағымдағы жылдың қараша айында еліміздегі жетекші саяси ұйымы «Nur Otan» партиясының Саяси Кеңесінің отырысында Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. Бұл маңызды құжат еліміздің рухани дамуына өзінің бағытын береді.

Тәуелсіздік, бірлік пен келісім, жер, отбасы мен салт-дәстүр, ұлттық мәдениет, білім мен еңбек, прагматизим деп 7 түрлі бағытта бөлінген әр тұғырдың идеологиялық мәні зор, келешекке бағдаршам болары сөзсіз. Жеті тұғырды негізге ала отырып, бәсекеге қабілетті қоғамда, технология дамып жарысып жатқан заманда жас буын өкілдері артта қалмауы парыз, ол ел келешегі үшін маңызды. Қағидаттар жиынтығы бірінші кезекте өскелең ұрпаққа арналған.

Отанға деген патриоттық сезім, ұлттық құндылықтарды құрметтеу қасиеттері адамға тәлім-тәрбиемен беріледі. Біздің әрбір азаматымыздың жүрегінде менің мемлекетім, елімнің жетістіктері, менің халқымның мәдениеті мен өнері және әдет-ғұрыптары-басты байлығымыз деген ұғым болуы керек. Тәуелсіздікті құрметтеудің бәрі Отанды сүюден басталады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жолдаулары әрқашанда халықтың көңілінен шығып, қолдауын тапқан. Бұл жолы да рухани, маңызды үндеу өз арнасын тауып, ел игілігі жолында атқарылар жақсылықтың жаршысы болып, ел игілігіне қызмет атқарады деп сенемін.

Ә.Талдыбаев

«Nur Otan» партиясының мүшесі,

Шыңғырлау аудандық мәслихатының депутаты

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале