10.12.2024, 16:30
Оқылды: 117

«Елдің мәселесі жерде қалмасын»: Теректі ауданы әкімінің тұрғындармен кездесуі жалғасып жатыр

Теректі ауданы әкімінің жолы Покатилов, Ақсуат, Құмақсай ауылдық округтеріне түсті. Аталған әр ауыл әкімдерінің баяндамалары тыңдалып, келелі жұмыстарға қанық болдық.

2-1

Олар тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту бағытында ауылдық округтерде атқарылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды жеткізе отырып, келер жылдағы жоспарларға тоқталды. Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары округ аумағындағы қоғамдық құқық бұзушылық туралы ақпараттармен бөлісіп, ауыл тұрғындарын интернет алаяқтықтан сақтану жайында ақпарат берді. Соның ішінде Әлия Мұханбетжанова Құмақсай ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, округ әкімі Бақтияр Карлдың жасалған жұмыстар бойынша есебін тыңдады. Жиын барысында учаскелік полиция Қанат Жылгелдиев қылмыстық ахуал бойынша айтып, тұрғындарды мал ұрлығы мен алаяқтардан сақтандыру мақсатында ақпарат берді. Сонымен қатар, аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ләйлә Ашикова балалар екпесінің уақытылы жүргізілуі керектігіне назар аударып, ауыл халқына эхинококкоз, аскаридоз сынды түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ақпарат жеткізді. Кездесу барысында тұрғындар округке қатысты сұрақтарын қойды. Басқосу еркін пікір алмасу түрінде өтті.

468618727_2773633446151865_4486071874273519398_n

Сізге де, бізге де маңызды

Есептік кездесудің келесі тізбегі Долин, Приречный, Богданов ауылдық округтеріне ойысты. Долиндік зейнеткер Гүлсима Абакарова:

– Ауылдың ахуалы жақсаруда. Алайда қазіргі уақытта округ әкімшілігің ғимараты апатты жағдайда. Сондықтан жөндеу жұмыстарын жүргізу, болмаса, жаңа ғимарат салу қажет. Сондай-ақ ауылымыздың ауыз су желісіне жөндеу жұмыстарын жүргізу және су мұнарасын айырбастау керек, - десе, Мұрат Мұханбетов:

– Осыған дейін үлкен жолымыз «Подстепный-Ресей Федерациясы» шекарасы тасжолын жөндеуді сұрайтын едік. Ол жолға жөндеу жұмыстары жүргізгелі жатыр. Енді ауылішілік жолдарға назар ауып, қатқыл табанды жол төселсе дейміз, - деді өз сөзінде.

2-3

Приречный ауылдық округіндегі жиында зейнеткер Рамазан Давлетов Қараоба өзеніндегі су қоймасын қалпына келтіру жайлы сөз қозғап, мал қорымын салу керектігі жөнінде тап баса айтты.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале