30.11.2022, 20:17
Оқылды: 55

Елге Ерсайын келді

Жерлес ақын, суретші Ерсайын Жапақ туған жері Бөкей ордасы ауданына қарасты Ұялы ауылына келді.

IMG-20221130-WA0060

Ел ағасы ауыл тынысымен танысып, білім нәрімен сусындатқан білім ошағына да ат басын тіреді. Мектеп мұражайын аралап, шәкірттермен кездесіп, ой бөлісті. Қаламынан төгілген әр суретінің сырын ашып, шеберхана құпияларын да айта отырды.

IMG-20221130-WA0065

Жерлес тарихшы, ақын Х.Мадановтың «Заман келбеті» кітабы, «Алпамыс батыр», Күлен Түлкібайұлы «Шежіре», Жұматай Жақыпбаев «Кенежирен» кітабы, Ақжан Машанов «Әл-Фараби және Абай» кітаптарын мектеп мұражайына ұсынды.

IMG-20221130-WA0064

Ауыл мәдениет үйінде балалық шағы мен жастық белестерін бірге өткізген құрдастарымен кездесу кеші болып, әр түрлі сұрақтар қойылып, өткен өмір жолдарынан естелік әңгімелер айтып берді.

IMG-20221130-WA0067

Анар Артықбай, 

Бөкей ордасы ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале