28.04.2023, 16:00
Оқылды: 56

Еліміздің бас дәрігері Теректі ауданына келді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жұмыс сапарымен Теректі ауданына келді.

IMG-20230428-WA0005

Аудандағы орталықтандырылған ауруханаға барған еліміздің бас дәрігерін ақ халаттылар жылы шыраймен қарсы алды. Аурухананың бас дәрігері Дархан Хайрушев мекеменің жәй-жапсарымен таныстырды.

— Президенттің «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында Барбастау, Сарыөмір ауылдарында дәрігерлік пункт салу жоспарланып отыр. Биыл қаражатты үнемдеп Жайық ауылында дәрігерлік пунктті салып, пайдалануға бердік. Санитар автокөліктері жетіспейді. Ол облыстық қаражат есебінен қарастырылады,  - деді Дархан Манарбекұлы.

IMG-20230428-WA0039

Министр  одан әрі аурухананың қабылдау, күндізгі емдеу, науқас бөлімімен танысты. Дертіне шипа іздеген жандар ішінде екі бауыры істен шығып, көмек күтіп жатқан Гүлмира Нұрлыбекова еліміздің бас дәрігерін көріп, көз жасына ерік берді.

IMG-20230428-WA0042

Өзге де науқастардың: «Дәрілерді дер кезінде алмаймыз, төрт айдың қажетті дәрісін бір алдық, өзімізге  сатып алуға тура келеді» деген  жанайқайын естіген министр, жауапты тұлғаларға себебін жедел анықтауды тапсырды.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале