6.07.2022, 13:14
Оқылды: 50

Елорда күні тойланды

Бүгін шыңғырлаулықтар сәні мен салтанаты жарасқан мемлекетіміздің бас қаласы Нұр-Сұлтан қаласы күнiн кең көлемде тойлады.

IMG_3335
Мерекелік шара аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың аудан халқын Елорда күнімен құттықтау лебізімен басталып, тамаша концерттік бағдарламамен жалғасты.

IMG_3609
Жергілікті өнерпаздардың орындауындағы тамаша ән-күй аудан тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Еліміздің бас қаласы тақырыбы арқау болған концерттік бағдарламада «Жыр Астанам», «Здравствуй, столица», «Астана Ақ Орда», «Астана», «Есілдің жағалауы» секілді әндер орындалып, ширек ғасырға жуық тарихы бар еліміздің бас қаласының өсіп өркендеуі мен даму жолы насихатталды.

IMG_3358
Киелі тәуелсіздігіміздің тірегі, сүйікті Отанымыздың жүрегі – Нұр-сұлтан қаласы жылдан жылға көркейіп, нұрлана берсін!

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале