Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес Бәйтерек ауданыдағы эпид ахуал да мәз емес. Қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі індет жұқтырған адамдар саны өсірмеу болып отыр. Ал оның жалғыз жолы – барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтау. Ол жұмысты осы күні аудан және ауылдық округ әкімдіктері жанынан құрылған мониторингтік топ қадағалайды.
Жуырда Көшім ауылдық округінде құрылған мониторингтік топ мүшелері ауылдағы тұрғындар көп шоғырланатын орындар мен азық-түлік дүкендеріндегі қауіпсіздікті қадағалап, жадынамалар таратты.
- Ауылдық округ аймағында, елді мекендерді қосқанда барлығы 30 азық-түлік дүкені бар. Бұл орындар толығымен тексерілді және алдағы уақытта қайта тексерістен өтетін болады. Есік тұтқалары толғымен өңделіп, арнайы төсемшелер төселген. Сатушылар маска тағып, барынша сақтануда, - дейді Көшім ауылдық округінің әкімі Айнагүл Баянова.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz