Елімізде болып жатқан митингілердің негізгі қозғаушы күші – жастар. Мемлекетіміздің Ата заңында бейбіт шеруге шығуға әрине, рұқсат бар. Десе де осы орайды пайдаланып, елімізде жасырынған лаңкестік топтар өз пиғылдарын жүзеге асыруда.
Адамдар қаны төгіліп, мүліктік шығындар келтіріліп, бассыздықтар орын алуда. Сондықтан жастарды сабыр сақтауға шақырамын. Әзірге көпшілік талап еткен газ мәселесі шешілді. Алдағы уақытта басқа да мәселелер оң ретін табады деген ойдамын.
Еліміздің ең үлкен байлығы – тыныштық пен тұрақтылық. Біздің күшіміз бірлікте.
Мұратхан Набиғалиев,
«Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі