Ерінбеген адам ғана өз нәпақасын адал тауып, ел игілігін еселеуге үлес қосары анық. Аудандағы шаруа құрылымдарының өнікті ісі, аудан экономикасын көтеруге қосып отырған көмектері ұшан-теңіз. Екі қолға бір күрек беріп отырған еліміздегі мамыражай тірлік, бейбіт аспан, достық шырай мен ынтымақ «Nur Otan» партиясы жүргізіп отырған өміршең саясаттын нәтижесінде мүмкін болып отыр.
Келер жылдың қаңтар айында өткелі отырған Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттар сайлауынан хабардар «Жаңа жер» шаруа қожалығының жұмысшылары экспромт-кездесуге келген облыстық мәслихат депутаттығына кандидат М.Байжанов, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер С.Байтенова, Г.Волкогон, С.Қазиев пен А.Талдыбаевқа партия саясатын қолдайтындықтарын бірауыздан жеткізді.
Аймақты дамыту бағытындағы 7 басым бағыттармен танысқан дала еңбеккерлері ойға алынған шаралар легі шын мәнісінде жүзеге асар болса, ауданымыздың әлеуеті бұдан да артып, жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың әлеуметтік жағдайы көтерілеріне сенімді.
Сонымен қатар бағыттардың ішінде жыл сайын ауыл шаруашылығы техникасының кемінде 40 бірлігін сатып алу жолымен машина-трактор паркін жаңарту да көзделіп отыр.
Айналымға 153 мың га астам енгізу есебінен, пайдаланылатын жайылымдар алаңын екі есеге (шамамен 300 мың га) кеңейту де кезек күттірмейтін мәселе ретінде күн тәртібіне қойылған.
Осындай іргелі де маңызды шараларды жүзеге асыруға ықпал ететін де, өмірге нақты енгізетін де «Nur Otan» партиясы екендігіне шыңғырлаулықтар сенімді болуы тиіс.
Сондықтан да жаңажерліктер алдағы сайлауға бір кісідей қатысып, өздері таңдаған үміткерлерге дауыс беруге уәде етті.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz