27.02.2024, 12:45
Оқылды: 49

Еңбек ардагеріне құрмет көрсетілді

Қызығы мен шыжығы мол баспасөз саласында біраз жыл қызмет атқарып, Жаңақала ауданы жаңалықтарын халыққа үздіксіз жеткізуде елеулі үлесі бар жандардың бірі – Баян Сүндетова. Осы орайда Баян Қалиоллақызының 70 жас мерейтойы қарсаңында Жаңақала аудандық ардагерлер кеңесі еңбек ардагерінің құрметіне арнайы қабылдау ұйымдастырды.

image-27-02-24-11-42-3

Салтанатты шарада ауыл әкімі Ақан Қапанов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырғали Жаимов мерейтой иесіне аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың атынан құттықтау хатын табыс етіп, ғұрпымыздан жаңылмай, иығына ақ жаулық жапты. Ауыл ақсақалдары да сөз алып, ескірмес естеліктермен бөлісіп, ақжарма тілектерін арнады. Өз кезегінде Баян Сүндетова:

image-27-02-24-11-42-2

- 70-ші жылдардың соңында Ізбасар Өтеуов басшылық еткен аудандық «Жаңарған өңір» газетіне радиоұйымдастырушы боп қызметке орналастым. Ол кезде қазіргідей компьютер жоқ, бәрін қолмен жазамыз. Әр үйдің төрінде, көшеде радио  ілініп тұратын. Жергілікті  радио торабына аптасына екі рет жарты сағаттай хабар беретінбіз. Үлкен магнитофондарды арқалап жер-жерге барып, тұрғындардан, әртүрлі сала маманынан пікір алатынбыз. Жұмыс күніміз қызықты боп өтетін. Бүгінде зейнет жасында болсақ та, өткен күннен сыр шертіп, еңбегімді ескерусіз қалдырмаған аудан басшылығы мен ардагерлерге алғысымды білдіремін, - деп сөзін түйіндеді.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале