Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында Спорт күніне орай салтанатты шара өтті.
Осы шарада Сырым аудандық "Қайсар" спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің "Еңбек даңқы" төсбелгісімен марапатталды. Марапатты Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов табыс етті.
Ерболат Мұқанов - өңірге белгілі спортшы, самбо күресінен ҚР Спорт шебері. Ол он шақты жыл Сырым ауданындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебін басқарып, жас чемпиондардың шығуына үлес қосты. Қазір Ерболат Мұқанов басқаратын "Қайсар" спорт клубы ауданда бұқаралық спорттың дамуына үлес қосуда.
Спортшылар мерекесіне орай өткен шарада ауданның білікті бапкері Мәулет Қожахметовке спортқа қосқан үлесі үшін Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Бауыржан Халиолланың атынан алғысхат берілді.
Б.Шерім,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz