Отағасы Самат Темірғалиев еңбекқор адам және де тұрақтылықты жақсы көреді. Сондықтан да көп жылдан бері "Ақсайгазсервис" мекемесінде жылу операторы болып жұмыс жасайды. Және жұбайы Аққу Бекетқызы да осы мекемеде техникалық қызмет көрсетуші.

Ұлы Самат та әке жолын қуып, осы мекемеде супервайзер қызметін абыроймен атқаруда. Мекемеде бұл отбасын жақсы таниды және адал еңбек иелері ретінде жақсы таниды. Бүгін олар отбасымен референдумға дауыс беруге келді. Отағасы Самат Темірғалиев балаларын еңбекке баулып қана қоймай, өз мемлекетіміздің болашағы үшін әркез сергек, белсенді болуға үндейтінін айтты.
Дариға Нұрашова
Бөрлі ауданы