23.02.2018, 16:21
Оқылды: 25

«Еңбек келісімшартын жасайық!» акциясы өтуде

Ақжайық ауданында заңсыз еңбек қатынастарын (жұмыскерлерді еңбек шартын жасамай жұмысқа қабылдау т.б.) болдырмау және еңбек келісімшартын жасау бағыты бойынша түсінік жүргізу мақсатында «Еңбек келісімшартын жасайық!» атты акция жүргізілуде.

Әр ауылдық округте ұйымдастыру шаралары іске асуда. Бүгінге дейін 69 жұмыс беруші қарамағындағы 161 жұмысшымен еңбек келісімшартын жасасты. Ақсуат, Бударин, Чапаев ауылдық округтеріндегі жұмыс берушілердің акцияға қатысудағы белсенділігі жоғары. Айталық, Чапаевтың кәсіпкер Ришат Сағитов 16, ақсуаттық кәсіпкер Ләззат Сейіткереева 10 жұмысшымен еңбек келісімшартын жасасты.

Ал Мерген, Қабыршақты ауылдық округтерінде бұл іс тиісті деңгейде басталған жоқ. Ескертіліп, ұғындыру шаралары жүргізілуде,-дейді аудандық кәсіпкелік бөлімінің басшысы Артур Ермұханов.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале