24.09.2021, 15:53
Оқылды: 44

Еңбек өтілі – 41 жыл

Сырымдық Бибігүл Идиятова Жымпиты орта мектебін 1978 жылы ойдағыдай тәмамдап, сол жылы Орал медициналық училищесіне оқуға түседі. Училищеден арнайы мамандық алған Б.Идиятова Жымпиты орталық ауруханасында бас дәрігер Г.Махметовтың және жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі С.Жақсыгерееваның басшылығымен жұқпалы аурулар бөлімшесінің медбикесі болып, 1 жылдан кейін бөлімшенің аға медбикесі болып қызметке араласты.
  с

Өз міндетін белсенді атқара білген Бибігүл 1983 жылдың қараша айында өндірістік қажеттілік бойынша статистиканың ұйымдастыру бөліміне тұрақты жұмысқа ауыстырылды.

Б.Идиятова бүгінгі күні Сырым аудандық ауруханасының медициналық статисі болып жұмыс атқарады. Ақ халатты абзал жанның еңбек өтілі – 41 жыл.

ЕҢБЕК ӨТІЛІ 41 ЖЫЛ (3)
Ұзақ жыл бір салада қызмет атқарған Бибігүл Идиятованың мінсіз істері бағаданып, аудандық аурухана басшылығының, аудан әкімінің, облыс басшылығы тарпынан бірнеше рет грамоталармен марапатталды.
Сондай-ақ жуырда Бибігүл Салауатқызының зейнеткерлікке толуына орай аудандық аурухана директоры Роза Тахамбетова «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің үздігі» төсбелгісін табыс етті.

 

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале