27.09.2023, 22:32
Оқылды: 29

Еңбекшіде дүбірлі дода өтті

Ұлттық ойындар – қазақтың қанына сіңген қасиеті, қазақ халықтың болмысының көрінісі болып келеді. Осыған орай Ұзынкөл ауылдық округіне қарасты Еңбекші елді мекенінде ұлттық ат спортын дамыту және оны халық арасында насихаттау мақсатында аталмыш ауылдың жылқысүйер азаматы Батырхан Айтесовтың бастамасымен, ауыл тұрғындары және кәсіпкер азаматтардың қолдауымен дала қызықтары өтті.

FB_IMG_1695826316079

Ауыл төрінен бастау алған салт аттылар шеруі жарыстың салтанатты ашылуымен жалғасын тапты.

Алғы сөзді Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мирослав Өтегенов алып, шараның шымылдығын ашты. Сонымен қатар, ауылдың ақсақалы Закария Шоманов палуандарға сәттілік тілеп, батасын берді.

Шараға Жәнібек, Ұзынкөл, Өнеге, Тау ауылдарынан келген ат құлағында ойнайтын білекті де жүректі шабандоздар Еңбекшінің төрінде бас қосып, жаппай көкпар, садақ ату, аударыспақ, кой көтеру секілді ұлттық ойындарда бақ сынасты.  Аталған сайыстардан жасөспірім балалар да қалыс қалмай, бала көкпар, қозы көтеру, лақ көтеру, садақ ату, аударыспақ ойындарында ептіліктерін ортаға салды.

Жарысқа қатысушы жүлдегерлер мен жеңімпаздар диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Дала қызықтарын тамашалаған халық та, қатысқан шабандоздар да шарадан үлкен әсер алып тарасты.

Лаура Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале