Облыстағы «Арнау-Батыс» мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бағдат Арыстанғалиева Сырым ауданына келді. Бағдат Ахонқызы Мәскеуден ота жасатып келген Юлия (Айша) Есмағұлованың жағдайымен танысты.
Өлеңті ауылындағы жатақханада тұратын ерекше күтімді қажет ететін балалардың үйлеріне азық-түлік апарып берді. Олардың аналарымен шүйіркелесіп, рухани, моральдық қолдау білдірді.
Бағдат Арыстанғалиева қоғамдық ұйым ретінде ерекше күтімді қажет ететін балалардың тұрмыс жағдайы, баспанасы оларды күтіп-бағуға сай келмейтінін айтып, мүмкіндігінше санитарлық тазалық талаптарына сай, жуынатын бөлмесі мен ішкі әжетханасы бар, жарық әрі жылы басыбайлы баспанамен қамтылу керек деген пікірін білдірді.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz