20.03.2020, 17:47
Оқылды: 142

Еріктілер тегін бетперделер таратты

Елімізде орын алып жатқан жағдайға байланысты Казталов ауданының орталығында жастар, Казталов мектеп-лицейі, А.Оразбаева орта мектептері мен аудандық балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар орталығы, аудандық пробация қызметкерлері бірігіп, ерікті түрде аудан тұрғындарына дерттен қорғанудың шаралары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, 400-ден аса тегін бетперделер таратты.

B481D61F-373D-4E26-ABC3-38D12F42C431

Айта кету керек, "Тұғырым" аналар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жансұлу Мақсотова мен жеке кәсіпкер Сара Құлмұханова да бұл істен қалыс қалған жоқ. Өз қолдарынан бетперделер тігіп, көмек қолдарын созуда.

4E110E53-2F88-4BA6-BDF5-43DFCE149420

Ақбота Сәрсенова, Алма Оразбаева орта мектебінің аға тәлімгері: - Елімізді дүр сілкіндірген пандемиялық сипат алған дерттің алдын алу мақсатында ауданымызда көптеген іс-шаралар атқарылуда. Соның айғағындай мектептерден жиналған еріктілер тобы технология пәнінің мұғалімдері тіккен бетперделерді тұрғындарға таратып, қайырымды істің басын қайырды. Белсенді жас ретінде бұл жағдайға тамшыдай болсын үлесімізді қосқымыз келеді.

8DECD396-C439-4E4C-A797-9C2E5E61871D

Гүлмай Базартаева, ауыл тұрғыны: - Әлемді шулатқан дертке қарсы аудан жастары ерікті түрде тегін бетперделер таратып, түсінік жұмыстарын жүргізуде. Жастардың бұл игі ісіне риза болып, шексіз алғысымызды білдіреміз.

Жансұлу Мақсотова, "Тұғырым" аналар қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

- Бұндай жағдайда әрбір адам қолынан келгенше көмек көрсету қажет. "Тұғырым" аналар қоғамдық бірлестігінің атынан күніне 50-60 шақты бетперде тігіп, тұрғындарға таратып жатырмыз. Осындай игі акциялар жалғасын таба берсе нұр үстіне нұр.

Сара Құлмұханова, жеке кәсіпкер: - Тұрғындарға ерікті түрде бетперде тігіп, қолымнан келген көмегімді көрсетіп жатырмын. Бетперде мәрліден екі қабаттап тігілуде. Күніне 50, тіпті 90-ға дейін тігіліп, үлестірілуде. Ең бастысы сақтық шараларды қолға алып, аурудан аулақ болайықшы, - деді.

 Әсем Болат

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале