18.12.2022, 10:05
Оқылды: 3481

Еркінбек – бейбіт күннің батыры

Ерлік тек қана білекте емес, жүректе екенін бейбіт күнде орын алған оқыс оқиғаларда өз өмірін қатерге тігіп, адамды ажалдан арашалап қалған ерлік иелері дәлелдеуде.

1D312443-28E8-4651-97F9-E93E978F99AB

17 желтоқсан күні Ақтөбе-Қостанай бағытындағы тас жолда жан түршігерлік жол апаты болып, екі көлік бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан Газель және Лада Веста автокөліктері лезде отқа оранып, көлік ішіндегі адамдар көмекке мұқтаж болған.

Сын сағатта оқиға орнынан табылған жерлесіміз Жаңақала ауданына қарасты Жаңажол (Айдархан) ауылының тұрғыны Еркінбек Тілешов санаулы секундта шешім қабылдап, өз өмірін қатерге тігіп, от шарпыған Газель автокөлігіне қарай тұра ұмтылады.

Кілттеніп қалған көліктің есігін темірмен қайырып ашып, жүргізушінің өмірін құтқарып қалды. Міне, осындай қиын қыстау сәтте адам жанына араша түсіп, көмек қолын созуға әзір ержүрек жандар арамызда жүр. Өз өмірін өзгенің амандығы үшін қатерге тіккен бүгінгі күннің батыры, ержүрек жерлесімізбен мақтанамыз!

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале