6.07.2022, 9:09
Оқылды: 79

Ертегі кейіпкерлері Бұлан мен Алғабаста

Балалар жылы аясында мәдени- ағарту бірлестігі жанынан Алтын Орданың 750 жылдығына орай "Алтын Орда" балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театры жасақталып, наурыз айында А.Атымтаеваның "Кім патша?" ертегісімен тұсауы кесілген болатын.

AAC3D57F-A0ED-4F77-8A44-BA7D736F6F75

Ұжымның аталмыш ертегісі жуырда Сырым ауданының Бұлан, Алғабас ауылдарында сахналанып үлгерді.

Ертегінің қоюшы суретшісі Әсемгүл Төлепберген болса, қоюшы режиссёрі ҚР мәдениет саласының үздігі, "Дара" төсбелгісінің иегері Самал Әбуов.

E35C5D6A-7941-4FB2-8A82-F6BDCBC897FC

Театр аймақтық "Театрдың ғажайып әлемі" балалар- театр фестивалінің "Х.Бөкеева атындағы арнайы жүлде" иегері атанып үлгерсе, осы ұжымның бір мүшесі Елнара Сейтжан "Үздік қыз бейнесі" номинациясын иеленген.

Қойылым соңында жоғарыда аталған ауылдық округ әкімдері алғысхаттарын табыс етті.

243CE765-329F-40C7-8D52-4CE7B41BF6C4

А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале