16.04.2018, 17:29
Оқылды: 50

Ертең Ақжайықта қыз-келіншектер арасындағы әнші-термешілердің республикалық байқауы өтеді

Ақжайық ауданында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, әнші-термеші Қаламқас Орашеваға арналған «Көмейінде күміс жыр» ІҮ республикалық қыз-келіншектер  арасындағы әнші-термешілер байқауы өткізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.

Байқаудың мақсаты - Қаламқас Орашеваның есімін мәңгі есте сақтау, әнші-термешінің үнтаспада жазып қалдырған Нұрпейіс атасының «Нарқыз», «Төрехан», ұстазы Ғарифолла Құрманғалиевтың әндерін, бабалары Махамбет пен Базар жыраудың толғау-термелерін ұрпақтан-ұрпаққа насихаттау, жыршылық –термешілік өнері арқылы кейінгі ұрпаққа ана тілін, дәстүр мен тарихты, өнерді сақтаудың өнегесін ашып, өнер әлемінде жаңа жырау-термешілердің есімін ашу.

Байқауға Астана қаласынан және   Ақтөбе,  Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарынан 20 үміткер қатысып, бақтарын сынайды. Сонымен қатар әнші-термешілер байқауына Алматы қаласынан арнайы келген қонақтар: әншінің кенже қызы Ақмарал Сәрсенғалиева, туған сіңлісі Мейрамгүл Орашева, күйеу баласы Мақсат Тілепберген қатысады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале