Ақжайық ауданының статистика басқармасы 12 ауылдық округте есеп жүргізуде әдіснама талаптарының сақталуына іріктеп тексеру жүргізді. Экономика министрлігі Статистика комитетінің бұйрығымен орындалған бұл шарада үй шаруашылықтарындағы мал санының және тұрғын үй қоры статистикалық тіркелім деректерінің дәлдігі байқасталды.
Аудан орталығы Чапаев және Мерген ауылдық округтерінде өрескел қателер анықталды.
Айталық, Чапаевта 5 тұрғын үй шаруашылығындағы мал басының деректері нақты болмай шықты. Ал Мергенде тексерілген 18 тұрғын үй арасынан 13 үйден жалпы шаршы метрі жөнінде статистикалық тіркелім деректерімен қарағанда айырмашылықтар анықталды. Сондықтан аталған екі ауылдық округ мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы