23.04.2022, 13:00
Оқылды: 44

Есеп беру жиыны өтуде

Теректі ауданына жұмыс сапарымен БҚО әкімі Ғали Есқалиев келді. Өңір басшысы аудандық мәдениет үйінде теректіліктермен кездесуде.

IMG-20220423-WA0048

Жиында Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады.

Теректі ауданы - даму әлеуеті жоғары, аумағынан республикалық маңызы бар автокөлік және темір жол өтетін, халықаралық әуежайы, бірнеше ірі кәсіпорындар орналасқан, бизнесті дамытуға қолайлы аудан. Теректіде 15 округ, 49 елді мекенде 38 203 халық тұрады.

IMG-20220423-WA0047

Аудан бюджеті 14307,5 млн теңге, оның ішінде салықтық қаражат 1885,1 млн теңгені құрайды.

Әділет Орынбасаров,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале