29.07.2022, 10:15
Оқылды: 89

Есептік кездесулер жалғасуда

Кестелік тәртіпке сәйкес есептік кездесу Шыңғырлау ауылдық округіне қарасты Жаңакүш, Ұрысай және Қызылкөл ауылдарында өтті. Жиындарға аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев ауыл тұрғындары, мекеме, ұйым басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

IMG_7531

Округ әкімі Әділ Қаражанов округ көлемінде, аудан орталығында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Жалпы округ әкімі ұзын-сонар баяндама жасамай, бірден тұрғындардың сұрақтарына жауап беруге көшті. Алғашқы жиындарда көтерілген мәселелердің, атап айтқанда қоқыс шығару, бөгет салу, Ұрысай, Жаңакүш ауылдарын жарықтандыру секілді мәселелер шешімін тапқан екен.

IMG_7567

Дегенмен Қызылкөл бағытындағы жолды жөндеу, Ұрысай ауылының ортасына екінші су алатын қондырғы  орнату, Жаңакүш ауылына ұялы байланыс қою секілді қаражат пен уақытты талап ететін сұрақтарға аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев, округ әкімімен бірге тиісті мекеме  басшылары да жауап берді.

 Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале