Есептік жиын бүгін Қарағаш пен Ақбұлақ ауылдық округ орталықтарында жалғасты. Қарағаш ауылдық округінің әкімі Мерхан Жумиев өз баяндамасында бұған дейін округ көлемінде атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, болашақ жоспарларымен бөлісті. Баяндама барысында слайд көрсетіліп, көрсеткіштер халық назарына ұсынылып отырды.
Мерхан Манасұлы округ аумағының көлемі 106,833 мың гектар, оның ауылшаруашылық мақсатындағы жер көлемі 89,298 мың гектарды құрайтынын, аталмыш 89,298 мың гектар жердің 39,658 мың гектары айналымда, яғни шаруаларға берілгенін айтты. Дәл қазіргі маусымның басты кезеңі қысқы мал азығы болғандықтан, бүгінде округ бойынша 7691 тонна шөп шабылып, жоспар әзірге 65 пайызға орындалған екен.
Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Светлана Бәйтенова да соңғы тоқсанда атқарылған жұмыстарға тоқталды. Округ басшысы ауылшаруашылық саласының дамуымен қатар, кәсіпкерлік саласы да жақсы қадамдарға ие болғанын тілге тиек етті. Тұрғындар тарапынан «Бастау Бизнес» жобасы аясында несие алу мен шабындық жер алу секілді көтерген сұрақтарына тиісті сала басшылары жауап берді.
Әр ауылдық округте өткен есептік жиыннан соң тұрғындар жеке мәселелерімен аудан әкімінің міндетін атқарушы Дархан Ережепұлының қабылдауылда болып, өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап ала алды.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz