28.05.2021, 10:17
Оқылды: 98

Есірткімен ұсталды

Жуырда Жәнібек ауданында «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аудандық полиция бөлімінің бізге берген мәліметіне сүйенсек, аталмыш іс-шара өткізу барысында Жәнібек ауылының тұрғыны Е. есімді азамат есірткі заттарын заңсыз сатып, аудан көлемінде таратқаны анықталды.

779497A4-C305-4BEB-8389-F35CCB0AB342Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тұрғылықты мекенжайы бойынша тінту жүргізгенде есірткіге ұқсас заттар табылды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале