31.05.2023, 17:45
Оқылды: 16

Еске алып, тағзым етті

Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Зұлматты жылдарда тағдыр тауқыметін тартып, жазықсыз ажал құшқан жандарды Казталов ауданының халқы да еске алып, тағзым етті.

20230531052046_IMG_8930

Аудан орталығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары және ашаршылық құрбандарын еске алу алаңында аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Жандосбек Құсайынов құран бағыштады. Ал,  Казталов аудандық орталықтандырылған кітапхана мамандары Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй», Мұнайдар Балмолданың «Он төрт», Хамза Есенжановтың «Ағайынды Жүнісовтер», Өмірзақ Озғанбаевтың «Рухы биік тұлға», Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» сынды зұлмат заманның ащы шындығын суреттеген туындыларды көпшілікке таныстырды.

20230531052157_IMG_8933 (1)

Содан соң аудан жұртшылығы боздақтарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

20230531051456_IMG_8925

Асылбек Нәсіпқали, 

Казталовка ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале