Ұлы Отан соғысының және прокуратура органдарының ардагері Иван Гапичтің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған 8-10 сынып оқушылары арасында өткен облыстық «Өнегелі ғұмыр» тақырыбындағы эссе байқауында бабажановтықтар да жүлделі болды.
Тоғызыншы сынып оқушысы Нұрайна Асқар үздік үштіктен көрінді. Жүлделі шәкірттің жетекшісі Құндыз Ғайсина екенін айта кеткен артық болмас. Аудан прокуроры Қанәбіл Төремұратов жүлдегер иесін арнайы қабылдап, сый-сыяпатын ұсынып, алғысхатпен марапаттады.
Арайлым Есмағұлова,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz