10.02.2017, 18:02
Оқылды: 39

Федоров-Приречный-Ақсай жолын жөндеуге қаражат тапшы

Теректі ауданында былтыр "Ақбұлақ" бағдарламасы аясында Ақсуат, Ақжайық, Новоповлов, Сарыөмір, Аңқаты ауылдарына ауыз сумен жобалары жасақталған. Биыл Ұзынкөл, Жаңа Өмір ауылдарына ауыз құбырын тартуға жобалық-сметалық құжаттамалар жасалуда. Жайық ауылындағы 600 тұрғынға ауыз су əлі күнге темір жолмен əкелінеді. Аудандағы 52 елді мекеннің 32-сіне ғана көгілдір отын жеткізілген. Былтыр Талпын елді мекені ғана газ құбыры жүргізілді. Бірақ ондағы білім беру жəне емдеу нысанында талапқа сəйкес жылу қазандығы орнатылмағандықтан, аталған мекемелер көгілдір отынмен қамтылмады. Бұл жайында Теректі ауданының əкімі Мұрат Мұқаев тұрғындармен есеп беру кездесуінде мəлім етті.

Оның баяндауынша, Барбастау, Жаңаөмір, Подстепный ауылдары орналасқан Самара-Шымкент республикалық маңызы бар автожолды жөндеу де өзекті күйінде.
Феодоров ауылында Тəуелсіздік көшесін күрделі жөндеуге 425 млн. 501 мың теңге қажет. Жайық өзені жанындағы Барбастау-Индер автомобиль жолының 76 шақырымын асфальттау болашақ еншісінде. Аудан басшысы Мұрат Рахметұлы Федоров-Приречный-Ақсай жолын күрделі жөндеуге қаражат тапшы екенін жеткізді.
Баяндамашы аудандағы 7 орта жəне 2 негізгі мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу жүргізу қажеттігін айтты. Ақжайық ауылында бастауыш мектепке жаңа ғимарат керек.
Ауданда 6 елді мекенде денсаулық сақтау нысанын салу жəне 20 емдеу мекемесінің ғимаратын жөндеу өзекті болып отыр.
Мұрат Рахметұлының айтуынша, Подстепный ауылында биыл жаңа мəдениет үйінің құрылысы басталады. Құрылыс құны - 325 млн. теңге. Жəне осы ауылда денсаулық сақтау-сауықтыру кешенінің ЖСҚ құжаттамасын жасақтауға аудандық бюджеттен 4 млн. теңге бөлінген.
Теректі ауданында биыл сүт өңдеу жұмысын дамыту, тері өңдейтін кəсіпорын салу, қоғамдық монша құрылысын қолға алу, жабық бассейн нысанын іске қосу сынды инвестициялық жобалар жүргізілмек. Ал "АВS-мұнай" ЖШС Богданов ауылдық округі  Алғабас елді мекенінде мұнайды қайта өңдеу зауытын салмақ. Ақсуат ауылдық округінде 300 гектар жер теліміне Қазақстан-Түрік индустриялық аймағын салу көзделген.
Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасым Сəлім Қоқашев аудандағы елді мекендерде мəдениет нысанын салу, Подстепный мен Феодоров ауылішілік жолдарына қатты жабын төсеуді сұрады.
Сарыөмір ауылының тұрғыны Ерболат Қонқашев Х.Есенжанов атындағы мектеп-балабақша жанынан жатақхана тұрғызу мəселесін көтерді. "Федоров ауылдық округіндегі Жайық бекеті елді мекенінде  ауыз су мəселесі қиын. Кейде темір жол бекетінің қызметкерлері ауыз су тасымалдаудан бас тартады. Жазда құдығымызға құйған ауыз су үш-ақ күнге жетеді", - деді Наталья Кожантаева. Оған аудан басшысы Мұрат Мұқаев Жайық ауылына жақын жерде тұщы су қоры барын анықталғанын, облыстық мəслихаттың депутаттары қолдаса, алдағы уақытта су мұнарасын тұрғызуға қаражат бөлінетінін жеткізді.

Нұртай Текебаев

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале