Түнімен ұйтқыған боран қырдың жолын тегіс бітеп тастапты. Жайықтың самар бетіндегі күрежолға қарай аршылған жолды бойлай көнелеу аутокөлікпен Есенсай ауылдық округіне қарасты Кеңсуат ауылына бағыт алғанбыз. Межелі жерге кеш түсе жеттік. Ер жасы елуден асқан Бауыржан Еркінов мал жайлап жүр екен.
Қыстақ ауылдан көп алыс емес. Мал қорасы сапалы салынған, ауласын кең қоршаумен шегендепті. Шөбін отап, күйісін қайырған ірі қараның саны біраз. Шаруадан бір сәт қол үзбеген азамат бізбен әңгімеге кірісті.
Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №16 санынан оқи аласыздар.
Әсет Сағынтайұлы,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz