25.01.2023, 17:45
Оқылды: 49

Футболдан аудандық турнир өтті

Бөрлі ауылдық округінің «Бөрлі» спорт кешенінде ерлер командалары арасында шағын футболдан ашық аудандық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа 13 команда, 110 спортшы қатысты. 

футбоооол

Атап айтсақ, Ақсу, Қызылтал, Қарақұдық, Приурал, Пугачев, Бумакөл, Қанай, Бөрлі ауылдарының және Сырым, Шыңғырлау аудандарының командалары қатысты. Шыңғырлау ауданы, Пугачев және Бөрлі ауылдық округтерінен екі командадан қатысты. Бөрлі ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Төребекұлы және Бөрлі ауылдық округінің спорт ардагері С.Рамазанұлы қатысушы командаларға сәттілік тілеп, жарыс шымылдығын ашты.

футбол

Жарыс қорытындысы бойынша Қанай ауылдық округінің екінші командасы І-орынды иеленді. Қызылтал командасы ІІ-орынды алса, ІІІ-орынға Пугачев ауылдық округінің бірінші командасы ие болды. Үздік команда ойыншылары төрт номинация бойынша марапатталды.

Ойында белсенділік көрсеткен Қызылтал командасының ойыншысы Ақжол Тынышқалиев «Үздік шабуылшы» және Қанай ауылдық округінің екінші командасының ойыншысы Бекзат Меңдібаев «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы»  Қанай ауылдық округінің екінші командасының ойыншысы Абылай Аубакиров атанса, «Үздік қорғаушы» номинациясымен Пугачев ауылдық округінің бірінші командасының ойыншысы Данил Пегалов марапатталды.

фууутбол

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің “Ақсай” мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешенінің кубок, диплом, медальдарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Айдана Абдрахманова, 

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале