22.06.2023, 16:30
Оқылды: 18

Ғайнеден Құтхожиннің отбасына құрмет көрсетілді

Бүгін Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Тимур Бисенов, аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция майоры Мержан Тілеубаев Казталов ауылының тұрғыны болған Ғайнеден Құтхожиннің жары Жұмазия Құтхожинаның шаңырағында болды.

20230622073823_IMG_0934

Қазақстан Республикасы полициясы күні қарсаңында ұйымдастырылған кездесуде аудан әкімінің орынбасары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері Жұмазия Халиоллақызын кәсіби мерекемен құттықтап, мерекелік сыйлықтар табыстады.

20230622073823_IMG_0934
- Жыл сайын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері келіп құттықтап жатады. Әрине ризамын. Құқық қорғау саласында қызмет етіп жүрген жандардың еңбегі өлшеусіз. Олар халықтың амандығы мен елдің тыныштығы үшін еңбек етіп жүрген жандар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, балаларымыздың болашағөы жарқын болсын, - деді Жұмазия Халиоллақызы.
- Ер есімі ел есінде. Полиция департаментінің ұсынымымен өмірден​ мезгілсіз кеткен боздақтарға ескерткіш тақталары орнатылғаны баршаға мәлім. Ерлікке толы ерен батырлық көрсетіп, қызмет атқару кезінде қаза болған ерлердің​ есімдері ешқашан ұмытылмайды. Олардың арттарында қалған ​ отбасыларының жағдайы бөлім басшылығының назарынан ешқашан тыс қалған емес, - деді аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция майоры Мержан Тілеубаев.
Айта кетейік, полиция капитаны болған Ғайнеден Құтхожин 1994 жылы полиция бөлімінде қызмет атқару кезінде қаза тапқан. Қазіргі таңда батырдың ұрпақтары әртүрлі салада еңбек етіп жүр.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале