8.07.2022, 15:29
Оқылды: 55

Ғайса Қапақов: «Азаматтардың пікірлері ескерілуі тиіс»     

Сырым ауданына жұмыс сапарымен аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мақсатында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов арнайы келді.
1657269830050

Жиынға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Жолдыбай Батырниязов, аудандағы мекеме басшылары, сайлау комисииясының мүшелері қатысты.
- Кез келген сайлау кезінде ашықтық керек. Дәлірек айтсақ, дауыс беруге үгіт-насихат жасамас бұрын, халықты ақпараттандыру, құлақтандыру мәселесі алдыңғы орында тұруға тиіс, - деді өз сөзінде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.
Ресми жиын «Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізу кезінде сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында  семинар тренингке ұласты.

1657269710671
Семинарда сайлау бюллетеньдері, әкімдікке кандидаттардың байқаушыларымен және сенім білдірген адамдармен жұмыс, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасау, тізімдер және сайлаушылармен жұмыс секілді маңызды ақпараттар айтылды.
Жиын соңында семинар қатысушыларына арнайы сертификаттар және Республикалық референдумды ұйымдастыру жұмыстарында жақсы нәтиже көрсеткендері үшін бірқатар азаматтар Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың алғыс хаты табысталды.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале