26.05.2023, 21:28
Оқылды: 11

Ғалым Мирболат Сиховке «Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы» атағы берілді

Аудандық мәслихаттың шешімімен Бөкей елінің тумасы физика және математика ғылымдарының докторы Мирболат Сиховқа «Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

орда1
Аудан активі арнайы бас қосып, елге келген ғалым ағамызға құрмет көрсетті.
Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов жиналған қауымның атынан марапат иесін құттықтап, төс белгі табыстады.
Ауданымызға сыйлы азаматтардың бірі, депутат, әр кезде "Нарында туған дарын" деп досының бәсін биіктетіп жүретін Мәлік Құлшар ағамыз да осы шарада сөз алып, қабілеті елден ерек Мирболат досының адами болмыс-бітімі туралы айтты.

орда
Аудандық мәслихаттың төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков пен аудандық аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Бисекеновалар да мінберден сөз алып, марапат иесіне ел тілегін жеткізді.
Ғалым ағамыз көрсеткен құрмет үшін алғысын айтты.

Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале