ХХІ ғасырда ақпараттық-коммуникациялық технология қарқынды дамып, жаңа медиа – сайт-порталдар мен әлеуметтік желілер жаңалық таратудың платформасына айналды.
Ақпараттық тасқын күшейген тұста, газеттің беделі оқырман санымен өлшенетіні анық. Сондай-ақ басылымның мазмұндық деңгейін арттыратын мақалалар да шешуші рөл атқаратыны белгілі.
Осы тұрғыдан алғанда, «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық-саяси газетінің өз биігі бар. Газетімізде ауданымыздағы барлық саланы қамтитын түрлі айдарлар бар. Жыл сайын оқырмандарымыздың да саны көбеюде. Біз үшін бұдан асқан мәртебе жоқ. Газетімізде жарық көрген әр мақаланың оқырман тарапынан қолдау тапқаны, әрине, қуантады.
Баспасөзге жазылу науқанында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова және ауданымыздағы бірнеше ұжымдардың түгелдей газетімізге жазылғанын жарыса жазып едік. Бұл үрдіс жалғасын табуда. Жақында ғана аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық ұжымдары толықтай «Теректі жаңалығына» жазылды.
«Теректі жаңалығы» төріңізден табылсын, оқырман! Қалыс қалмаңыз!
Аягөз Айтқалиева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz