25.01.2022, 9:51
Оқылды: 138

Газеттің тірегі – оқырман

Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газетіне 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу науқанына газет оқырмандары белсене атсалысты. Жыл сайын аудан айнасы таралымының артуына сүбелі үлес қосып, жерлестеріне де қолдау білдірген жомарт жандар, кәсіпкерлер, мекеме қызметкерлері де қайырымдылық жасауда. Маңызды істе жауапкершілік танытып, төл газетімізге қолдау білдірген Жаңақала аудандық аурухана ұжымы газетке жазылған болатын.

D30FCC19-44C0-4B2A-AAA6-056D6DEF1C7B

Нақтырақ айтсақ, жергілікті басылымда оқырманға қажет құнды дүниелер, тәрбиеге қатысты танымдық материалдар жарияланатынын тілге тиек ете отырып, 145 қызметкер газетке жазылды. Адам жанын ажалдан арашалап, дертіне дауа іздеп келген науқастарға көмек қолын созуға әзір тұратын ақ халатты абзал жандардың бұл ісі мақтауға тұрарлық. Ендеше, газетімізді асыға күтетін оқырмандарымыздың бірі – аудандық аурухана ұжымының еңбегіне жеміс тілеп, шынайы алғысымызды білдіреміз.

 ***

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ баспасөзінің ұранына айналған «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген сөзі бар. Жаңалықтың жаршысы болған аудандық «Жаңарған өңір» газетін қолдаушылар қатарының көбейгендігі бізді қуантады. Осы орайда Жаңақала аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебі, аудандық орталықтандырылған кітапхана, аудандық мәдени-демалыс орталығы ұжымы түгелдей дерлік басылымға қолдау білдіріп, газетке жазылды. Газет – оқырманымен құнды. Төл газетімізге жазылып, төрден орын берген тұрақты оқырмандарымызға алғысымызды білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале