Орал қаласында 2002-2004 жылғы жастар және 2007-2009 жылдар аралығында туған жасөспірімдер арасында грэпплинг және грэпплинг-гиден БҚО чемпионаты өтті. Соңғы уақытта қарқынды дами түскен жекпе-жек өнерінің осы түріне қызығушылар саны артты. Сол себепті де облыс біріншілігінде бәсекелестік жоғары болды.
Өңірдің үздік спортшыларының басы қосылған байрақты додада Бәйтерек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің өрендері де бой көрсетті. Нәтиже жаман емес. Аманбек Қошанов жаттықтыратын спортшылар грепплинг ноу ги түрінде екі - ІІІ, бір ІІ орын иеленді.
Өз салмақ дәрежесінде Артур Пилецкий мен Әрсен Иманғалиұлы сынды спортшылар үшінші орынды місе тұтса, Өмірбек Өмірзақ екінші орынға жайғасты.
Ал грэпплинг ги бәсекесінде Артур Пилецкий тағы үшінші орынды қанағат тұтса, Әрсен Иманғалиұлы бірінші орын алып, облыс чемпионы атынды. Одан бөлек, Асылан Қадырғали мен Асқар Қамза да облыс біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz