Таяуда Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған хореографиялық би ұжымдарының арасында «Ақпан айшықтары» атты республикалық фестиваль өткен болатын.

Байқауда өнер көрсеткен Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы «Гүлдәурен» би ансамблі I орынды иеленіп, ауданға жарқын жеңіспен оралды. Айта кетейік, ансамбльге Элеонора Валиева жетекшілік етіп келеді.
Айзада Фаридқызы,
Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының
«Балалар мен жастар» бөлімінің меңгерушісі