29.05.2023, 17:30
Оқылды: 161

Гүлзар саны көбейіп жатыр

«Ауылына қарап - азаматын таны» демекші   жыл сайынғы көгалдандыру, абаттандырудың нәтижесінде отырғызылған жасыл желектер жайқала өсіп, ауыл ажарына айналды.  Оған қоса көше көркі гүлзарлар санының артуы да көңіл қуантады.

Гүл1

Жуырда шырайлы ауылдың көркеюіне Шыңғырлау ауылдық округінің ұжымы да атсалысып, «Астана» саябағына, «Жеті керемет» монументі алаңына,  Л.Қылышев көше бойындағы  гүлзарларға  200 түп раушан гүлін, 1 160 түп шырайгүл,  700 түп  бархыт гүлі егілді. Бірқатар мекемеге аулаларына отырғызуға үлестірілді.

Ауыл ажары – ортақ абырой екені белгілі, осыған орай әр тұрғын үйінің айналасын таза ұстап, жеке нысандар мен мекемелер айналасын көгалдандыру, абаттандыру, безендіруге  үлес қосса дейміз.

Нұрбек Таужанов,

Шыңғырлау ауылдық округі

аппаратының бас маманы,

Шыңғырлау  ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале