30.03.2022, 14:45
Оқылды: 46

Игі іске ұмытылған жастар көп

"Ардагерлерді ардақтайық" акциясы жалғасуда. Жуырда Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округінің жастары бірігіп, ауылда тұратын жалғызбасты қариялар мен ақжаулықты әжелердің ауласын басқан қардан тазалап, жүруге арналған жолдарға қатқан мұзды жарып, көмек көрсетті.

Screenshot_20220330-144001_Instagram

Жанашыр жастардың игі ісіне риза болған ауыл үлкендері белсенді жандарға ақ батасын беріп, рахметтерін жаудырды.

Осындай игі істі дарияндық жаcтар да жасап, ауыл ақсақалдары мен кейуаналардың ақ батасын алды.

-Акция жыл бойы жалғасады. Ауданның әр округінде көмекші жасақтар бар. Бұндай игі іс тек бір реттік акция боп, артынан тоқтап қалмайды. Жазғытұрым су жолын жырып, күзде ауланы басқан жапырақтан тазарту жұмыстары қолға алынады. Сонымен қатар түрлі қайырымдылық шараларын өткізуді де жоспарлап жүрміз, -дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Жанар Губашева.

Түгелбай Бисен,

 Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале