21.05.2021, 10:08
Оқылды: 24

Имандылыққа бағыт сілтеген басқосу болды

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жүрген дәстүрлі "Сырымдағы сұхбат" жобасының бұл жолғы қонақтарының орны ерекше болды.

2041AA89-2332-4091-B46F-314BCAD19CA3

Аудан орталығы Жымпитыда жаңа мешіттің ашылуына арнайы келген қонақтар, қоғам қайраткері, ақын, "Тalim ТV" арнасының басшысы Мұхамеджан Тазабек, үш дүркін "Алтын домбыра" иегері Мұхтар Ниязов, әнші Айдар Тұрғанбек, Қытайдың Сиань қаласындағы «Kazakhstan Students Association in China» қазақстандық студенттердің жастар ұйымының негізін қалаушы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Болашақ» қауымдастығының, БҰҰ жанындағы жас көшбасшылар қауымдастығының мүшесі Олжас Сүлейменов коворкинг орталығында қонақта болып, жастармен жүздесті.

E0AAB6D9-98BE-49C2-9A45-C63B4CCA6DE9

Эпидахуалға байланысты жастар да санаулы қатысты.

Олжас Сүлейменов өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, еңбектегі адалдық, адамдық жайын сөз етіп, "өмірде жеңіске, жетістікке жету үшін аянбай, адал жұмыстан қашпай, алдына мақсат қоя білген адам түбінде озады" деп жастарды жігерлендіріп қойды. Айдар Тұрғанбек "көзі ашық, көкірегі ояу, діни сауаты бар адам кез келген салада адал қызмет ете алады" деп адалдыққа үндеді.

- Қазақ үшін қыздың ары ең биік, құнды дүние. Қыздар, телефондарыңды әдемі етіп қымтап, құпия сөзін ешкімге айтпай жасырғандарыңмен, Құдай берген жаратылыстарың тәндеріңнен жігіт құшып, сүйіп жататыны ұят. Алтыннан да құнды ар-ұяттарыңды телефоннан арзан етіп алудан сақтаныңдар! Жігіттер, қыздың көз жасына қалудан абай болғайсыңдар,- деп қорытындылады М.Тазабек.

Спорт шебері С.Берсебаев та қонақтармен қатар құрметке бөленіп, елге келген азаматтарға алғысын айтты.

Шара соңында Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұртілеу Болат жерлесіміз, беделді кәсіпкер Ержан Бақтияровқа, белгілі кәсіпкер, меценат Мұратбек Мұхамедиевке, белгілі спорт шебері Санат Берсебаевқа және қонақтарға естелік сыйлық табыс етті.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале