24.05.2024, 15:00
Оқылды: 1

Іріктеу турнирі өтіп жатыр

Бүгін Бөкей ордасы ауданындағы «Орда» спорт клубында мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық спартакиаданың іріктеу турнирі басталды.

IMG-20240524-WA0047

Спорттық шараның ашылуына «Мемлекеттік қызмет, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ облыстық  филиалының төрағасы Серік  Сүлеймен,  аудан әкімі  Нұрлыбек  Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан аппаратының басшысы Асқар Ажығалиев және тағы басқасы қатысты.

IMG-20240524-WA0046

- Спортты серік еткен бөкейлік спортшыларымыздың әр жетістігіне қуанып жүреміз. Әсіресе,  мемлекеттік қызметкерлер  арасында волейбол ойыны бойынша жақсы көрсеткіштеріміз аз емес. Спорт - тек денсаулық  кепілі ғана емес, қоғамдағы белсенділікті арттыратын, тұлғаның жан жақты болуына әсер ететін маңызды сала. Бүгінгі шараға қатысып отырған барша спортшыға сәттілік, жарқын ойын тілеймін, - деп сөз сөйледі Нұрлыбек Жасқайратұлы.

IMG-20240524-WA0045

- Мемлекеттік қызметкерлердің спортта да белсенділік танытып, жан жақты болуы құптарлық дүние. Салауатты өмір салтының бастауы қимыл-қозғалыстан басталады. Бөкейлік спортшылар да жақсы жетістіктерге қол жеткізіп жүр екен. Алдағы спорттық додаларда да әрқайсыңыз сәтті ойын көрсетіп, биік белестерге жете беріңіздер, - деді Серік Кенжебекұлы.

Атап өтелік, қатысушылар  қол күресі, гір тасын көтеру, әйелдер мен ерлер арасындағы асық ату, садақ ату, теннис, волейбол ойындары бойынша  бақтары мен баптарын сынға салмақ.

Арайлым Есмағұлова,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале