13.07.2022, 17:30
Оқылды: 39

Іскер әйелдерге қолдау жасалады

Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының Жаңақала ауданының филиалында іскер әйелдер кеңесі ұйытқы болған «Бір ауыл – бір өнім» атты жобасы аясында аудандық жиын өтті.

IMG_7383

Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәндігүл Исмагулова, Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Жаңақала аудандық филиалының директоры Гариб Асханбаев және әр ауылдық округтен қолөнерімен айналысатын кәсіпкер әйелдер қатысты.

Айта кетейік, газетіміздің өткен санында Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында өткен аталмыш жоба туралы семинар-тренинг жарияланған болатын.

Аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, кәсіпкер С.Мажидоллақызы семинар-тренингтен түйген ақпараттарды толықтай түсіндіріп, қолөнермен айналысатын кәсіпкерлерге бөлінетін облыстық грант жөнінде ақпарат берді.

2022 жылдың мамыр айынан бастап облысымызда «Бір ауыл – бір өнім» республикалық жобасы іске асырылуда. Шілде және тамыз айларында өңірімізге тиісті республикалық органдар мен Жапония мемлекетінің кәсіпкерлік саласының өкілдері құрамынан комиссия арнайы облысымызға келіп, болашағы бар, жергілікті өнімнен жасалған жобаны таңдайды. Таңдалған жобаға одан әрі қолдау көрсетіледі.

Осыған орай аудандық тамыз айында көрме жоспарланып отыр.

Жаннұр Хайрушева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале