Шыңғырлау ауданында өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер көп. Солардың бірі «Хозяюшка» тұрмыстық заттар дүкенінің иесі Анастасия Неплюева. Бұл дүкен халықтың ең көп сауда жасайтын дүкендерінің бірі. Аудан тұрғындарын сапалы тұрмыстық заттар, техникалар, құрал-саймандармен қамтамасыз етіп отырған дүкенге сатып алушылар риза. Себебі бағалары қонымды және әрдайым жеңілдіктер науқаны өткізіліп тұрады.
Жақында осы келушісі көп дүкеннің тағы бір нүктесі «Жаңа хозяюшка» деген атаумен ашылды. Жаңа нүктесінде таңдау мүмкіндігі үлкен, әрі жап-жаңа тауарлар. Бұл халықтың іздегенін тауып, қалағанын алуға жаңа мүмкіндік.
-Ауылымыздағы дүкендері жақсы жұмыс істейді. Қашан барсаң да жаңа тауарлар, сыпайы сатушылар, тамаша жеңілдіктер. Әйтеуір орталық базарға келсем керегімді табамын. Мен сатумен айналысатын кәсіпкерлерге дән ризамын. Өз кәсіптерін жүргізіп, халықтың да қажеттіліктерін қанағаттандырып отыр,- дейді аудан тұрғыны Бақытгүл Жарылғапова.
Аудан кәсіпкерлерінің бір орында тұрмай, өз істерін дамытып, дөңгелетіп отырғаны қуантады.
Әсел Әлім,
Шыңғырлау ауданы