Ақжайық ауылының тұрғыны, құс шаруашылығына қадам басып, 3 мың бөдене алған Сағидолла Өтеғалиев «Теректі жаңалығын» оқиды екен.
Бөдене алмас бұрын ақпарат құралдарынан, газет-жорналдардан оқып, әбден зерттеп алған оның құсшаруашылығын өркендетуге құлшынысы артып отыр.
Көрдіңіздер ме, кез келген еңбектің жемісін іздену арқылы жейміз. Сағидолла Ибатұлы бөдене жұмыртқаларын Орал қаласына апарады.
Ақтілек Орынбасар
Теректі ауданы