21.02.2018, 11:54
Оқылды: 35

Қабыршақты ауылының тұрғындары қайырымдылық жасауда

Әлеуметтік әлсіз және көпбалалы отбасылар балаларына қамқорлық Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылдық округінде де жалғасын тауып келеді.

Мысалы, «Шынар» шаруа қожалығының иесі Темірболат Қаржауов мектеп оқушыларын 120 000 теңгенің спорттық киім, спорттық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етті. Мектеп басшысы Х.Аймағамбетов бастап, тәрбиешілері Айнагүл Абатқызы, Әсел Қобыландықызы, Нұрия Әмірғалиқызы, Лаура Ғалымғалиқызы да қайырлы істің басынан әманда табылады. Мектеп медбикесі Ұлжан Тілепбергенқызы көпбалалы отбасы балаларына 5000 теңге көлемінде көмек көрсетті.

– Сондай-ақ ауылдастарымыз, түрлі кәсіп иелері Диляра Қадырғалиқызы, Нариман Меңдешұлы, Айгүл Құмарқызы, Қазима Әмірғалиқызы, Ерболатовтар, Тұяқовтар отбасылары, Жанаргүл Мұрадымқызы, Ақсауле Абайқызы, Асыл Шамұратқызы, Досым Сағынтайұлы, Эльмира Амангелдіқызы, Арайлым Нұрболатқызы, Ерік Серікұлы, Тимур Қуатұлы, Біржан Нәсіпов, Самал Сүйеуғалиқызы және басқалар оқушылардың 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылуына қаржылай демеушілік көрсетті,-Бітік мектеп-бөбекжай кешенінің әлеуметтік педагогы М.Мұханғалиева.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале